Еліміздегі автокредит беру нарығының жартысынан астамын бақылайтын Еуразиялық банк кәсіпкерлерге арналған "Бизнес-авто" - жаңа және бірегей кредиттік өнім шығарды.
Банктің мәліметтері бойынша, бөлшек автокредит беру аясында қарыздардың шамамен 25%-ы ЖК және ЖШС мұқтаждықтарына алынған. Яғни, шағын және орта бизнесте түсінікті және жылдам талаптарда жеке тұлғаларға берілетіндей автокредит алу қажеттілігі әлдеқашан пісіп жетілді. Бұл банкті жаңа өнім жасауға итермеледі.
Банк бөлшек кредит беруде табысты түрде қолданылатын скорингтік модельді негізге алып, оны шағын және орта бизнестің қажеттіліктеріне қарай пысықтады.
— Көптеген қазақстандық банктерде ШОБ-қа кредит беру корпоративтік бизнеске кредит беру моделіне — қаржылық талдау, кепілдер мен ұзақ қарауға көбірек мән береді. 3 млн теңге алғысы келетін шағын және орта бизнес өкілі шешімді 3 ай күтуге мәжбүр, ал жеке тұлға бұл соманы 3 күннің ішінде ала алады. Біз бизнеске кредит беруге арналған дәстүрлі және бөлшек саудадағы скорингтік модельдерді "араластырдық", — дейді Еуразиялық банктің корпоративтік бизнес жөніндегі атқарушы директоры Анна Максимова.
Өнім шарттары:
- Кредитті пайдалану мерзімі жаңа, сондай-ақ 5 жылдан аспайтын Қытайда өндірілген және 3 жылдан аспайтын ТМД-да өндірілген пайдаланылған машиналар мен арнайы техниканы сатып алу үшін алуға болады (Автоорталықтарда Trade-In арқылы);
– Ең жоғары сома – 20 млн теңге;
– Экономиканың басым секторларының бірінде жұмыс істейтін клиенттер үшін мемлекеттік қолдау есебінен жылдық 14% қаржыландыру қол жетімді (+1% комиссия);
– Өз қаражатымен қаржыландыру жылдық 18% беріледі (+1% комиссия); —
Қарау үшін құрылтай құжаттарын, жеке куәлігін, соңғы жыл үшін декларацияны және клиент автомобиль сатып алуды жоспарлап отырған автоорталықтан анықтаманы әкелу қажет; –
Шешім 30 минут ішінде қабылданады; –
Заңды тұлға сатып алатын көлік кепіл ретінде болады.
"Бизнес-авто" кредиттерінің алғашқы берілуі кәсіпкерлердің жоғары сұранысын көрсетті, олардың бірі өз көлік бизнесі үшін 40 "Газель" сатып алуға кредит алды.