Түркістан: "Жастар еріктілік басқару" оқу-лагері өтті

Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі
Оқу лагеріне Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы колледж жəне университеттердің студенттері, соның ішінде 200- ге жуық еріктілер ұйымдарының көшбасшылары жиналды.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен "Бәйшешек" лагерінде "Жастар еріктілік басқару" тақырыбында екі күндік оқу лагері өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Шара – биылғы "Жастар жылын" қорытындылау және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған 2020 жыл – "Еріктілер жылын" қолдау аясында өткізілді.

Оқу лагеріне Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы колледж жəне университеттердің студенттері, соның ішінде 200- ге жуық еріктілер ұйымдарының көшбасшылары жиналды.

Іс-шара барысында жастар еріктілік пен жобаларды басқару, командада жұмыс жасай білу және көшбасшылық қабілеттерін дамыту , ерікті жастар ұйымының жұмысын оңтайлы жүргізу сияқты бағыттар бойынша қызықты дәріс алды.

Тренингке арнайы Түркиядан жеке тұлға ретінде өсу жөніндегі халықаралық тренер-коуч Рамазанов Арслан, Шымкент қаласынан экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Дінмұхамед Жақыпбеков, Нұр-Сұлтан қаласынан Ақпарат және қоғамдық даму комитетінің жобалық менеджері - Бурлаченко Людмила келіп, жастардың біліктілігін шыңдады. "ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ" тренингі жастармен жұмыстың жаңа бағытын айқындап берді.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі