Қырғызстанда 46 облыстық газет-журнал жойылды

Ruslan Kalmatov (RFE/RL)
Облыстарда істеген 600 қызметкердің 110-ны қысқартылып, қалғандарының айлығы 15 процентке көбейді.

Қырғызстанда мемлекеттік бюджет есебінен шығарылатын 46 газет-журнал жойылды. Бұл туралы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің өкілі Салкын Сарногоева мәлімдеді, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

"Әділет министрлігі аталған газет-журналдардың қызметін тоқтатты. Қазір жаңа медиа орталығын құру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Облыстарда істеген 600 қызметкердің 110-ны қысқартылып, қалғандарының айлығы 15 процентке көбейді. Қазір жеті облыста медиа орталығы құрылып жатыр. Оған облыстық телеканалдар мен газеттер біріктіріледі. Жаңа жылдан бастап аймақтық медиа орталықтардың біріңғай сайты жұмыс істей бастайды. Бұл бойынша тендер жарияланады", - деді Сарногоева.

Бұдан бөлек қаңтар айынан бастап медиа орталықтардың әрбір қызметкері жаңа медиа бойынша арнайы курстарда оқитын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда