Қазақстанда алиментті ата-апасына төлетуді міндеттемек

Бұл жағдайда, оның айтуынша, судья ата-әжесін баласының немқұрайлылығы үшін жазалап, оның алимент бойынша қарызын өз бетінше жабуға міндеттейді.

Алимент мәселесін зерделеу кезінде Италия тәжірибесі зерттелді. Итальялықтар ажырасқан әке алимент төлеуден жалтарса, онда борышкердің ата-анасына немересіне тиесілі ақшаны төлеттіреді. Бұл туралы Мәжілісте Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бізде бір ұсыныс, ол жаңа үсыныс болғандықтан, әрине қоғамның талқысын қажет етеді. Біз практиканы мұқият қарап отырып, ғажайып болмайтынын әбден түсіндік. Үкімет араласпаса өтелмеген алимент мәселесін басқа ешкім шеше алмайды. Италияның тәжірибесі бізге өте ұтымды көрінді. Мысалы, егер борышкер, әдетте, бұрынғы күйеуі алимент төлемей қашып жүрсе немесе алимент төлеуге қабілетсіз болса, итальяндық соттар не істейді дейсіз ғой? Италия заңдарына сәйкес, бұл қарызды борышкердің ата-анасының жауапкершілігіне жатқызады, - деді Бекетаев.

Бұл жағдайда, оның айтуынша, судья ата-әжесін баласының немқұрайлылығы үшін жазалап, оның алимент бойынша қарызын өз бетінше жабуға міндеттейді.

- Оның үстіне бұл бөтен адамдар емес, өз немерелері ғой. Олар немерелерін асырауы керек. Қазір біз бұл тәжірибені көпшілікке талқылауды ұсынып жатырмыз, - деп сөзін толықтырды министр.

"Зейнеткер ата-апалардың әйтеуір бір меншік дүниесі болады ғой, олардың пәтерлері, көліктері болуы мүмкін, егер немерелері киімі жоқтықтан мектепке бара алмай отырса, бұл қарызды жабудың көзі бола алады", - деп сөзін қорытындылайды Марат Бекетаев.

Мәжіліс сағатында депутат Светлана Бычкова алименттің жылдап төленбейтін мәселесіне баса назар аудартып, бұл ретте мемлекеттік деңгейде түбегейлі және жүйелі шараларды қабылдау қажет еекенін атап өтті.

- Барлық шағымдардың 35% -дан астамы алимент ала алмай жүргендерден түседі. Тараптар арасындағы шиеленіс, өмір сүру деңгейінің төмендігі, борышкерлер арасында тұрақты табыс пен мүліктің болмауы мәселені одан сайын күшейтеді. Жыл сайын 200 мыңға жуық алиментке қатысты іс қаралады, оның ішінде, мысалы 13 мыңға жуық іс проблемалы, олардың қарыздары 5,7 млрд теңгеден асады, деп түсіндірді депутат.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: