Футболшы Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі болып кетті

"Ақтөбе" ФК
Ол Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің футболды дамыту жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

"Ақтөбе" ФК экс-директоры Самат Смақов кеңесші болады, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Ақтөбе" ФК пресс-атташесі Марат Жұмабаевтың айтуынша, Самат Смақов "Ақтөбе" ФК" АҚ басқарма төрағасының және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің футболды дамыту жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Еске салсақ, 20 желтоқсанда "Ақтөбе" ФК басқармасы төрағасы Артур Смағұлов, бас менеджері Горан Велькович болды. Кейін жанкүйерлер Самат Смақовтың клубтан кеткенін біліп, өз қарсылықтарын әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді