Доллар кешелі бері 4,70 теңгеге арзандады

zakon.kz
Бүгін доллар бағамы 1,89 теңгеге тағы төмендеді.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 9 қаңтарда доллар бағамы 1,89 теңгеге төмендеп, 376,30 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстан кейін доллар құны белсенді түрде құлдырай бастады.

8 қаңтарда аукцион нәтижесі бойынша доллар бағамы бірден 2,81 теңгеге түсіп, 378,19 теңгеге дейін арзандаған болатын.

Ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 376,8 теңгеден сатып алынып, 379 теңгеден сатылып жатыр.

Сондай-ақ, 8 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен бітімге келуге дайын екендігі туралы айтқан мәлімдемесінен соң да Техас Light Oil (WTI) баррелінің бағасы 60 долларға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Таяу Шығыстағы шиеленістің Қазақстан экономикасына әсері: доллар 250 теңге бола ма?

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев