Жаңалықтар тізбегі
0

Дональд Трамп халқы алдына шығып, Жолдау жариялады

ren.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2020 04:48 ren.tv
АҚШ Президенті Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22.00-де халқы алдына шықты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп өз халқына Жолдау жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

8 қаңтарда КСИР Ирактағы АҚШ-тың екі әуе базасына шабуыл жасады және Бағдатта "әл-Кудс" арнайы әскери бөлімнің қолбасшысы генерал Кассем Сүлейманидің өліміне қатысы бар әскерилерге қатысты "Сүлейманидің шаһидтері" операциясының басталғанын хабарлады.

АҚШ нысандарына қарай ондаған зымыран атылды.

Қарулы шабуылдың салдарынан Эйн-әл-Асад әуе базасында орналасқан бірнеше атқыш ұшақ зақымдалды. Тағы бір басқа ақпарат бойынша, бірнеше ұшақтың көзі жойылған. Сондай-ақ, бейресми мәліметтер бойынша зардап шеккендер бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз.

zakon.kz тікелей эфирден аударма жасап, АҚШ Президенті Жолдауының мәтінін жариялады.

22.47 - Трамп Иранға қарсы қандай да бір әскери шаралар қолданатындығы туралы мәлімдеме жариялаған жоқ.

22.43 - Қосымша: Дональд Трамп Тегеранға қарсы қосымша экономикалық санкциялар енгізу туралы шешім қабылдады.

22.38 - Америка Құрама Штаттарының Президенті халқына Жолдауын аяқтады.

22.37 - Мен Иран тұрғындары мен Мемлекет басшысына қаратып айтамын. Біз, өздеріңіз лайықты, болашақтарыңыздың жақсы болғанын қалаймыз - Трамп.

22.36 - Біздің қару-жарағымыздың мықтылығы, оны қолданғымыз келетінін білдірмейді. Біз қару қолданғымыз келмейді. Біздің экономика - біздің ең күшті қаруымыз - Трамп.

22.34 - Иран ядролық амбициялардан бас тартып, терроризмді қолдауды доғаруы керек. Ұлыбританияның, Ресейдің, Германияның және Қытайдың бұл шындықты қабылдайтын уақыты келді. Өркениетті әлем Иранға терроризм, кісі қыру бойынша әрекеттеріңізді бұдан былай қабылдай алмайды деген белгіні білдіруі керек. Ондайдың тамырына түбірінен балта шабылуы тиіс. Мен бүгін НАТО-дан Таяу Шығыстағы процестерге көбірек тартылуын сұраймын.

22.32 - Өткен аптада біз америкалықтарға қауіп төндірген адамды жою туралы шешім қабылдадық. Мен Кассем Сүлеймениді жазалау туралы бұйрық бердім. Ол лаңкестерді даярлады, соның ішінде "Хезболланы" да. Ол америкалық солдаттарды өлтірді, бұйрық беріп отырды. Сүлеймени кісі өлтіруге бұйрық беріп, америкалық әскери нысандарға шабуыл жасады. Оны әлдеқашан жою керек еді.

22.29 - Иранға ядролық қаруды ешкім ұстатып қоймайды. Өткен түнгі шабуылдан америкалықтар зардап шеккен жоқ. Біздің барлық сарбаздарымыз аман. Біздің базаларымызға белгілі бір деңгейде залал келді - Трамп.

22.28 - Трамп халқы алдына 20 минутқа кешігіп шықты. Оның қасында вице-президент Майкл Пенс, Пентагонның басшысы Марк Эспер және Мемлекеттік хатшы Майкл Помпео бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: