Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V-ші отырысы өтеді
![24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2021 16:34](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-a4e9d2d9-32ab-4ef7-b279-5ad89d405d7c/800x452.webp)
Жиын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-де басталады.
Бүгін, 25 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V-ші отырысы өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.
"Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елімізді дамытудың өзекті мәселелері, бұған дейін жасалған ұсыныстардың орындалу барысы талқыланады деп жоспарлануда", делінген жазбада.
Сондай-ақ Twitter әлеуметтік желісіндегі @AkordaPress парақшасында жиыннан твит-трансляция жүргізілетіндігі ескертілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript