Бейсенбі күні - 9 қаңтарда Қазақстандағы доллар бағамы 10 ай ішінде ең төменгі деңгейге дейін түсіп, 376 теңгені құрады. Мұнайдың арзандағанына қарамастан. Неге бұлай болды? Бұл сауалға Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының басқарушы директоры Олжас Төлеуов Телеграмм-дағы өзінің Tengenomika арнасында жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Сарапшы KASE-де бүгін таңертең USD/KZT сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгеге шаққандағы америкалық валютаның құны 377 теңгеден де төмендеп, ең төменгі көрсеткіш – 376-ға барғанын атап өтті. Қазақстан қор биржасы белгілеген 1 АҚШ долларының 376.4-376.5 теңге деген бағамы соңғы 10 айдағы ең төменгі шек екенін баса айта кетелік.
Олжас Төлеуовтің пікірінше, теңгенің және мұнай бағасының арасындағы қарама-қайшылық Қазақстанның ұлттық валютасы әбден сатылып болғанын немесе оның сыртқы және ішкі макроэкономикалық жағдаймен салыстырғанда әсіре бағаланғанын көрсетеді.
- Ұлттық Банк теңгенің айырбастау бағамын қолдан «белгілеуді» доғарғанда, яғни ішінара өзгермелі айырбастау бағамынан (ЧПОК) алшақтағанда, теңге бірден нығая бастайды. Айтқандай, тіпті қазірдің өзінде, біздің бағалауымыз бойынша, 1 АҚШ долларының нақты болжамды бағасы 350 теңгеден төмен деп санаймыз, - дейді сарапшы.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде 1 АҚШ доллары орташа есеппен 378,3-378,6 теңгеден сатылып жатыр.
Оқи отырыңыз: Таяу Шығыстағы шиеленістің Қазақстан экономикасына әсері: доллар 250 теңге бола ма?