ҚР Үкімет мүшелері енді 5 жылға тағайындалуы мүмкін

Жарлық жобасын талқылау 2020 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.

ҚР Президентінің "2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Жарлығының жобасы әзірленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған құжат мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру мақсатында жасалынғаны баса айтылады.

"Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде пікірлердің көптігін ескеру, реформалардың сабақтастығы мен парламент палаталарымен бірлескен жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету үшін үкімет мүшелері үшін бес жылдық өкілеттікті енгізу ұсынылады", - делінген "Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжат жобасында.

Жобада көрсетілгендей, президенттің және парламенттік партиялардың сайлауалды бағдарламаларын әлеуметтік-экономикалық дамудың бір бағыты ретінде қарастыру ұсынылады.

Сондай-ақ жобада мәслихаттың сайланатын орган ретінде әлеуетін одан әрі дамыту мүмкіндігі қарастылған. Мәслихаттың әлеуетін мәслихат комитеттерінің төрағаларының босаған орындары арқылы күшейту ұсынылады.

Сонымен қатар, облыс әкімдері немесе мәслихат хатшыларымен бюджеттің атқарылуы туралы есеп беру тәжірибесін енгізу жоспарлануда.

- Жүргізіліп жатқан реформалармен өзара байланыстыра отырып, олардың құзыреттерін кеңейту, өңірлердің дамуына қажетті серпін беретін мықты мәслихат арқылы аймақ орталықтарымен кері байланыс орнату. Жалпылай алғанда, мемлекеттік қызметке талантты жастарды мектеп қабырғасынан бастап іріктеудің интеграцияланған жүйесін құру қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар ұйымдық қайта құруда іс-қимыл еркіндігіне ие болуы керек, - делінеді жобада.

Алайда құжатта мемлекеттік аппарат қызметкерлері көлемін кезең-кезеңімен қысқарту қарастырылған.

- 2020-2024 жылдар аралығында мемлекеттік аппараттың төрттен бір бөлігін қысқарту жоспарланған. Бұл жұмыс 2020 жылы қолға алынады, биыл мемқызметкерлердің санын 5% оңтайландыру жоспарланған, - делінген тұжырымдама жобасында.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерге жатқызылатын лауазымдар санатын анықтау тәсілдерін қайта қарау ұсынылады; келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер институтын енгізу; мемлекеттік органдардың штаттан тыс қызметкерлері институтын жойып, олардың функцияларын аутсорсингке беру арқылы «азаматтық қызметші» деген жаңа санат тағайындау мүмкіндігін зерттеу.

- Біздің ойымызша, қаржы-экономикалық бөлімнің, персоналдарды басқару қызметі, ішкі әкімшілік қызмет, ақпараттық технологиялар қызметі, заң және кеңсе қызметі сынды жаға лауазымдар өзгертіліп тағайындалуы мүмкін.Мұндай тәсіл мемлекеттік аппаратты сапалы түрде қайта жұмысқа кірісуіне, мемлекеттік аппараттың көлемін реттеп, сонымен қатар шағын және кішігірім дамуды ынталандыруға мүмкіндік береді. Соның арқасында шағын және орта бизнеске жаңаша серпін беріліп, нәтижесінде орта техникалық білімі бар мамандарға сұраныс артады, - дейді тұжырымдаманы әзірлеушілер.

Жарлық жобасын талқылау 2020 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.

Бұрын хабарланғандай, Президенттік жас кадрлар резерві өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жаңа басқару үлгісі қажет екенін айтты. Ол қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес, тиімді және әділ болуы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: