Уханнан Қазақстанның тағы сегіз азаматы эвакуацияланды

rbk.ru
Ұшаққа отыру кезінде Қазақстан азаматтары қосымша медициналық тексерістен өтті.

Уханнан Ресей мен Өзбекстанға сегіз қазақстандық эвакуацияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Ресей мен Өзбекстанның арнайы ұшағымен Қытайдың Ухань қаласынан тағы сегіз азаматтарымыз эвакуацияланды. Біздің бес азамат Ташкентте екі аптаның ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, ал қалған үшеуі - Түменде, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Эвакуацияланғандардың арасында бұрын ыстығы болғанына байланысты ҚХР эпидемиологиялық қызметі босатпай қойған Яньцзы университетінің 1-курс студенті де бар. Ұшаққа отыру кезінде Қазақстан азаматтары қосымша медициналық тексерістен өтіп, олардың арасында ыстығы немесе коронавирус белгілері бар адамдар болған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды