Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері қазақша хоккей ойлап тапты

pavlodarnews.kz
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жасап шығарылған бұл ойын мектептерде өткізуге ұсынылады.

Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері қазақша хоккей ойлап тапты, деп хабарлайды zakon.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Неге қазақша? Себебі оның ережелері қазақтың ұлттық қазан ойыны негізінде жасалыпты.

Ойын авторларының бірі – химия-биологиялық бағытындағы НЗМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Серік Темірғалиевтің айтуынша, QAZ-HOK, яғни қазақша хоккей ережелері әртүрлі тарихи құжаттарды зерттей отырып әзірленді. Спорттық ойынға авторлық куәлігі берілді.

"Қазақтарда ертеде қорғаныс пен шабуыл тәсілдері пысықталатын қазан ойыны болған. Әріптес-педагогтар Болат Мұқышев пен Данияр Нұрғалиевпен бірлесе бұл ойынның ережелерін қазіргі заманға лайық етіп өзгерттік. Ойын ережелері Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік институтында сараптамадан өтті", - дейді Серік Темірғалиев.

Серік Темірғалиевтің сөзіне қарағанда, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жасап шығарылған бұл ойын мектептерде өткізуге ұсынылады.

Қазақша хоккей жастарды ептілікке, ұжымда бірлесе қимылдауға үйретеді. Назарбаев Зияткерлік мектебінде қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдеріне ойын ережелері мен ерекшеліктері таныстырылды. Алдағы уақытта аталған спорттық ойыннан қала мектептері арасында жарыс өткізу жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев