Әлімханұлы "Канело" командасының жеңілмеген жас панчерімен шығады

Сурет: zakon.kz
Әлімханұлы - Баллард жекпе-жегі 28 наурыз Квебектегі бокс кешінде өтеді.

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ боксшымен амеркиалық Димитриус Баллард (20-0-1, 13 КО) жекпе-жекке шығуға келісті. Желтоқсанда ол АҚШ-тың Коста-Меса қаласында орта дивизионда бос болған NABF тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы титулы үшін бразилиялық Ямагучи Фалькаомен (16-1-1, 7 KO) он раундтық жекпе-жекте тең түсті. Осылайша, белбеу сол күйде иесіз қалды.

Ал Әлімханұлы кейінгі рет рингке 10 қараша АҚШ-тың Фресно қаласында шығып, канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген.

Әлімханұлы - Баллард жекпе-жегі 28 наурыз Квебектегі бокс кешінде өтеді. Бұл бокс кешінің басты кезедсуінде жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) қытайлық Мэн Фаньлунмен (16-0, 10 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, мұның алдында Top Rank промоутерлері Жәнібек Әлімханұлына қарсылас іздеуде қиындыққа тап болған еді. Промоутерлер бірнеше боксшымен байланысқа шыққан екен, оның ішінде канадалық Стив Роллс (20-1, 11 КО) бар. Алайда олардың бәрі жекпе-жектен бас тартқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты