Дүниежүзі Ухань қаласы алдында қарыздар - Қазақстандағы ҚХР елшілігі

Твиттердегі тағы бір жазбада бұл індеттің айна рөлін атқарғаны, айналадағы кімнің кім екені танылғаны да жазылған.

Қазақстандағы Қытайдың елшілігінің Twitter-дегі парақшасында бүгін, 28 ақпанда біртүрлі жазбалар жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Вируспен күресте көптеген адамдарын жоғалта отырып, Қытай онымен алғашқының бірі болып бетпе-бет келді, бұл бағыттағы Қытай еңбегі көптеген ел мен халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ДДСҰ-ның құрметі мен ерекше бағасына ие болды. ДДСҰ сарапшысының айтуынша, Қытай әлем үшін алтындай қымбат уақытты ұтып берді. Дүниежүзі Ухань қаласы алдында қарыздар, делінген хабарламада.

Твиттердегі тағы бір жазбада бұл індеттің айна рөлін атқарғаны, айналадағы кімнің кім екені танылғаны да жазылған.

Әр нәрсенің өз уақыты бар, вирус ерте ме, кеш пе жоғалады. Әркім өздеріне лайықтысын алады.

Жазбада вирусқа ешқандай шекарасы жоқ екендігі де айтылады.

Бұл бүкіл әлем үшін ортақ дұшпан, онымен, иық тірестіріп, күш біріктіріп күресу керек, біреудің астын қопармай. Өз ішкен құдығыңа түкірме деген бар, делінген елшіліктің Twitter-дегі ресми парақшасындағы жазбаларда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: