Семейде Мұхтар Жәкішевтің соты өтіп жатыр

Азаттық
- Біз шартты түрде босатуды мүмкін деп санаймыз, - деді колония өкілі.

Семейде "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жәкішев сот залында болмады, ол түрмеден видеобайланысқа шықты.

Бұл - шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға берілген өтініш бойынша қаралып жатқан үшінші сот ісі. Бұл шешімді қарастырып жатқан сот биліктің маңызды тармағы және қоғамның өкілі деп санаймын ... (..) Мені қолдауға келген көп адамдарды көріп тұрмын. Осы адамдарға және елімнің жалпы қолдауына сүйене отырып, сіз өз сұрақтарыңызға (сотталушының қауіптілігі туралы - ред.) жауап ала аласыз деп ойлаймын. Менің Қазақстан азаматы ретіндегі басты өтінішім - Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар маған қолданылса деймін. Прокуратура мен сотқа жолдаған басты өтінішімде де заңды қарауылдамай, оны жүзеге асырайық деген едім, - деді Мұхтар Жәкішев.

Одан кейін Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы жазасын өтеп жатқан колония өкілі сөз сөйледі. Ол сотталушыны жағымды жағынан сипаттап, үлгілі мінез-құлқы үшін жеті рет сыйақы алғанын айтты.

Біз шартты түрде босатуды мүмкін деп санаймыз, - деді колония өкілі.

13 ақпанда Жәкішев тағы бір рет мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бергені белгілі болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Информбюроға" берген сұхбатында Жәкішев ісіндегі сот шешімі әділ болады деп айтқан еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді