Жәкішевтің қай күні бостандыққа шығатыны белгілі болды

Obk.kz
Бүгін, 3 наурызда Семейде Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өтті.

Бүгін Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өткен Семей қалалық №2 сотының баспасөз қызметі оны енді қашан босатылуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 3 наурызда қабылданған сот шешімі 15 күннің ішінде өз күшіне енеді. Егер осы уақыт аралығында ешкім шағымданбаса немесе наразылық білдірмесе, шешім 19 наурыздан бастап заңды күшіне енеді. Бірақ прокурор оған қарсы шағым түсіре алады немесе адвокат бірдеңесімен келіспесе соттың бұл шешіміне жекелей арызданады, - дейді соттағылар.

Сондай-ақ, ондағылар егер соттың бұл шешіміне қарсы шағым түсірілсе, іс материалдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциясына жолданатынын да ескерте кетті.

Бүгін, 3 наурызда Семейде Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өтті. Судья оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді