Түркіменстан банкоматтарында тағы да ақша жоқ

СС0 Public Domain
Халық айлығын, зейнетақысын, жәрдемақысын және стипендиясын ала алмай отыр.

Түркіменстан астанасындағы банкоматтардың көбісі бос тұр. Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, қолма-қол ақша тапшылығы наурыз айында біліне бастаған, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

"1 наурызда Ашғабад тұрғындары тағы да қолма-қол ақшасыз қалды. Банкоматтарда ақша жоқ, көбісі жұмыс істемей тұр" деп хабарлады тілші.

Оның айтуынша, келесі күні бакноматтардың жарымы жұмыс істеген, бірақ оларда да ақша болмай шықты. Соның салдарынан тұрғындар айлығын, зейнетақысын, жәрдемақысын және стипендиясын ала алмай отыр.

Түркіменстанда екі жылдан бері банкоматтарда қолма-қол ақша болмай қалып жүр. Әр айдың басында тұрғындар банкомат алдында кезекке тұруға мәжбүр, өйткені төлем терминалдарындағы ақша тез бітіп қалады. Сол себепті халық қолма-қол ақшаны көрші елдерден шешіп алуға мәжбүр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі