"ҚазМұнайГаз" коронавирусқа байланысты жұмысшыларының іссапарына шектеу енгізді

Ақорда
Мемлекет басшысы вирустың өндіріс үдерісіне және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына кері әсерін азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан Президенті "Қазмұнайгаз" ҰК акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазмұнайгаз" ҰК акционерлік қоғамының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар, әлемнің көптеген еліне коронавирус індетінің таралуына байланысты компанияның қабылдаған шаралары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар компанияда қызметкерлердің шетелдік іссапарларына шектеу қойылып, өндіріс орындары мен офистерде алдын алу шаралары қабылданған.

Мемлекет басшысы вирустың өндіріс үдерісіне және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына кері әсерін азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті