Той дегенді қойыңыздар!

zakon.kz
ҚР вице-премьері коронавирустан сақтану үшін халыққа осындай кеңес берді.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды туған күндерін, үйлену тойларын өткізуді коронавирустың қауіпіне байланысты кейінге шегеруге шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен қазақстандықтарға үндеу тастағым келеді. Әркімге денсаулығы маңызды екені белгілі. Осыны дұрыс түсіну керек. Сондықтан қандай да бір жиын-той өткізер алдында ойланыңыз. Көп қонақ шақырмауға тырысыңыз. Тіпті тойды өткізу мерзімін кейінге шегеруге кеңес береміз, - деді Тоғжанов.

Айта кетейік, елімізде коронавирустың таралу қаупіне байланысты мектеп оқушылары кезекті демалысқа бір апта бұрын жіберіліп жатыр: 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін. 13 наурыздан бастап жаппай қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады. Кинотеатрлар жұмыс істемейді, бірақ сауда орталықтары мен базарлар бұрынғыдай жұмыс істей береді. Азық-түлікпен халықты қамтамасыз ету мәселесі биліктің бақылауында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін