Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады

Ақорда
Расул Жұмалы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларына қолдау білдірді.

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі ахуалы және оны дамыту, отандық контенттің сапасын арттыру, мемлекеттік тілді өркендету, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, ағартушылық жұмыстар жайында сөз болды.

Бұдан бөлек саясаттанушы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларына қолдау білдіріп, оның жұмысын одан әрі ілгерілетуге, жастар саясаты мәселесіне қатысты өз ойымен бөлісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды