Тоқаев Бас прокурорды қабылдады

Ақорда
Бас прокурор Президентке төтенше жағдайда тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты.

Бас прокуратура басшысы Ғизат Нұрдәулетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа төтенше жағдайдағы тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына елдегі әрекеттер мен шешімдерге дер кезінде құқықтық баға берілуі үшін Бас прокуратурада және жергілікті жерлерде жедел штабтар құрылғаны туралы ақпарат берілді.

Ғизат Нұрдәулетов медициналық қорғаныс құралдарының жасанды жетіспеушілігін болдырмау, жалған және арандатушылық ақпараттың таралуына қарсы тұру, сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзу деректеріне қатысты құқық қорғау органдары қабылдайтын шаралар туралы айтты.

Президент уақытша шектеу шаралары кезінде азаматтардың құқықтарын, қоғам мүдделерін сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды