Ел арасында өзінің коронавирус екенін білмейтін адамдар болуы мүмкін - Біртанов

Олар өте қауіпті.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған, бірақ ол туралы өзі де білмейтін адамдар бар деп болжайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, осындай ықтимал жағдай бар.

Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар құбылыс. Біз әлемнің жетекші басылымдарының жарияланымдарын оқыдық, олар бұл маңызды мәселе екенін атап өтті. Қазақстанда жаңа вирус түрін жұқтырғандардың 85% -ында ауру белгілері байқалған да жоқ. Біз оларды қауіпті елдерден келгеннен кейін, сол адамдармен байланыста болғандықтан карантинге жауып, сол кезде коронавирусты анықтадық. Бұл теориялық және іс жүзінде вирустың тасымалдаушылары ел арасында барын, онда да ауру белгілері білінбеген, сау секілді жүрген адамдардың бар екенін көрсетеді. Оларда ауру белгі бермейді. Бұкіл глобальды қауіптің мәнісі де осында. Мұндай адамдар үшін үкімет не істеу керектігін шешеді. Шынында да, тіпті дамыған елдерде коронавирус диагнозы қойылған және ауруы жеңіл жүргендерді ауруханаға жатқызбай, үйде карантинде қалдырған. Тактика болжау тұрғысынан өзгермейді. Сондықтан да біз эпидемиологиялық шараларды жүргізіп жатырмыз, - деді ол zakon.kz-тің Instagram-дағы тікелей эфирінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: