Гидроксиохлорин коронавируспен ауыратын науқастарды емдейтін медициналық қызметкерлердің алдын-алу үшін қолданатын дәрісі ретінде анықталды. Сондай-ақ, COVID-19 науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің де тізімі жасалды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақтаеваның айтуынша, әлемде COVID-19 вирусының таралуының басында-ақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл инфекцияны аса қауіпті инфекция қатарына жатқызған. Жұқпалы ауру бойынша жетекші мамандар пульмонологтармен және реаниматологтармен бірлесіп жаңа клиникалық хаттама жасады. Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында ол Денсаулық сақтау министрлігінің сапа жөніндегі бірлескен комиссиясының отырысында мақұлданды.
Шетелдік әріптестермен үнемі онлайн-кеңес өткізіп, BMJ (British Medical Journal), Вили (АҚШ), Ланцет халықаралық журналдарында жарияланған ғылыми жұмыстар сүзгіден өткізілгеннен кейін, әлемде коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеудің жаңа ілімі мен тәжірибесі пайда болғандықтан, қазақстандық клиникалық хаттама жаңартылды. Бүгін оның 5-ші нұсқасы мақұлданды. Сіз олармен Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында таныса аласыздар.
Гидроксиохлорин коронавируспен ауыратын науқастарды емдейтін медициналық қызметкерлердің алдын-алу үшін қолданатын дәрісі ретінде анықталған. Қазақстанда бұл препарат бар.
Науқастарды емдеу үшін Лопинавир / Ритонавир, Гидроксихлорохин, Азитромицин, Рибавирин көрсетілген. Олар да Қазақстанда бар.
Клиникалық хаттамада резервтік емдеу режимдері көрсетіледі: Хлорокин, Ремдисивир - олар Қазақстан Республикасында әлі жоқ. Хлорокинді Үндістаннан сатып алу бойынша экспорт тыйылған, қазір дәрі-дәрмекті жеткізушілермен келіссөздер жүргізілуде. Ремдесивир препараты әлі де клиникалық зерттеу сатысында, өндірушімен келіссөздер жүргізілуде.
Қазақстанда 8 сәуірде сағат 08: 45 уақыты бойынша, коронавирус жұқтырудың 704 жағдайы тіркелді. 51 адам емделіп шықты, алтауы қайтыс болды.