Шымкент қаласында КВИ-дан қайтыс болған науқас туралы

видеодан кадр
Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған.

Ол 1962 жылы туылған Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылының тұрғыны, деп хабарлайды zakon.kz Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен "Қарағанды-Новосбір" бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген.

58 жасар азамат инфекциялық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ аппаратына қосылған.

Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған.

Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, Республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілген.

Бүгін таңғы сағат 07-лер шамасында науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда