Елде Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты көптеген қазақстандықтар жұмысы мен ай сайынғы табысынан айырылды, сол себепті үкімет 42 500 теңге (ең төменгі жалақы) көлемінде жәрдемақы бөлу жөнінде шешім қабылдады. Өз кезегінде, бұл халықтың бұған дейін енгізілген карантин тәртібін бұзып, банк бөлімшелеріне келіп, өзі мен жақындарының денсаулығына қауіп төндіретін жағдайға алып келді.
"Банк Хоум Кредит" азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтап, асқан қажеттілік болмаса үйден шықпай отыруға шақырады. Бұл шынында да қауіпті.
Қаржы институты 42 500 теңге жәрдемақыны банк бөлімшелеріне бармай-ақ алуға болатынын хабарлайды. Жәрдемақы алу үшін есеп-шот ашу мен карта рәсімдеуді үйден шықпай-ақ, банктің Home Credit Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады.
Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, банктің клиенті болып табылатын тұлғалар жәрдемақы төленетін шотты мобильді қосымшада қас-қағым сәтте аша алады, "Home Card" дебеттік карта иелері де 42 500 теңгені өз қартасына тікелей ала алады.
Банк Хоум Кредит клиенті емес қазақстандықтар да банктің қызметтерін қашықтықтан пайдалана алады, нақты айтқанда, мобильді қосымшада немесе банктің сайты арқылы дебеттік карта жасата алады, банк картаны үйіңізге жеткізіп береді.
Осылайша, "Банк Хоум Кредит" өз клиенттері мен олардың жақын-туыстарына қамқорлық білдіріп қана қоймай, жәрдемақыны алудың ең қарапайым да ыңғайлы әдісін ұсынады.
"Банк Хоум Кредит" қашанда өз клиенттері мен олардың отбасына қол ұшын созуға тырысады, әсіресе осындай Қазақстан үшін күрделі кезеңде. Қазір карантин жағдайында азаматтардың үйден шығуы, кезекте тұрып, өз денсаулығы мен үй-ішін қатерге тігуі қауіпті екенін түсінеміз. Сол себепті біздің банк қазақстандықтарға Home Credit Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы банктің онлайн қызметтерін ұсынып отыр, - деді "Банк Хоум Кредит" АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Карел Горак.
Клиенттер түскен ақшаны өз қалауынша пайдалана алады, азық-түлікке онлайн тапсырыс беруге, басқа картаға аудару, жақын жердегі банкоматтан еш комиссиясыз шешіп алу, телефонға ақша салу немесе банк қосымшасында ұсынылған 500 қызметтің кез-келген түрін пайдалана алады.
Сонымен қатар, дебеттік және кредиттік карта иелері үшін 10% көлеміндегі қосымша кэшбек берілетін бірқатар арнайы ұсыныстар бар, ол ұсыныстарды банк өз серіктестерімен бірлесіп әзірлеген.
"Біздің "карточкалық" клиенттеріміз үшін біз бірқатар тиімді ұсыныстар жасап отырмыз, серіктестерімізбен келісімге келіп, аса жоғары кешбэк беретін болдық. Қазір кез-келген тамақ болсын, сүйікті сушиіңізге тапсырыс беріп, немесе ақылы видеосервистерге жазылу үшін ақша төлегенде біздің клиенттеріміз қосымша 10%-дың бірегей кешбэк алады. Біздің ойымызша, бұл біздің стандарттық 5%-ға дейінгі сыйақымызды қоса санағанда, банк клиенттері үшін өте тиімді ұсыныс.
Акция 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.
Жәрдемақы мен банк ұсынатын сыйақылар осындай қиын кезеңде біздің клиенттеріміздің отбасына көмек болады деп үміттенеміз, өйткені жиналған кэшбектің бәрін клиент "тірі" ақша түрінде өз картасына аудара алады, сосын өз қалауынша пайдалана алады", - деп қорытты Горак мырза.
Ең бастысы, қазақстандықтар мұның бәрін үйден шықпай-ақ, өзі мен отбасы мүшелері үшін барынша қауіпсіз жағдайда жүзеге асыра алады.
Home Card артықшылықтарымен танысып, оған тапсырыс беру үшін мына сілтемені пайдалануға болады