Ақтөбеде жекеменшік клиника карантинге жабылды, ал бір дүкенді енді жапқалы жатыр

2gis.kz
Олардан тек теріс нәтиже алынған кезде ғана бұл дүкенді қайта ашу мәселесі қаралады.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева алдында анықталған науқас "Әйгерім" клиникасына барып қарпалғандықтан, оның карантинге жабылғанын арнайы брифинг кезінде мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Беркімбаеваның айтуынша, 2 сәуірде анықталған науқас алдында "Әйгерім" клиникасына барып қаралған. Сол себепті "Әйгерім" клиникасы 14 күндік карантинге жабылды, ондағы барлық қызметкерлер медициналық бақылауға алынды, - деді ол.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта жергілікті супермаркеттердің бірінің жұмысын тоқтату туралы мәселе де қаралған.

Бүгінгі науқастардың бірі ағайынды Жұбановтар көшесінің бойындағы "Анвар" дүкеніне жиі баратын болғандықтан, бұл мекемені және оның барлық қызметкерлерін карантинге қою туралы шешім қабылданды. Олардан тек теріс нәтиже алынған кезде ғана бұл дүкенді қайта ашу мәселесі қаралады, - деп түсіндірді Нұрсұлу Беркімбаева.

Бұған дейін ол жаңадан КВИ жұқтырушылардың 2 сәуірде анықталған науқаспен байланысы болғанын, алайда ол бұл фактіні жасырып қалғанын айтқан еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді