Бекшин Алматыда коронавирус ауруының деңгейі төмендегенін айтты

Күнделікті өсім 4% құрады.

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-конференция барысында қалада коронавируспен ауыратындардың қатары төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, күнделікті өсім 4% құрады.

Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 793 жағдай анықталған. 90 адам емделіп, сауығып кетті. Өткен тәулікте 31 жағдай тіркелді, жалпы статистика бойынша ауруды жұқтырушылардың күн сайынғы өсімі 4% құрады. Апта басында күнделікті бұл өсім 15,6% құрады. Міне, осы цифрдан дерттің екпіні төмендеп келе жатқанын байқауға болады, - деді ол.

Бекшин карантин өте тиімді шара екенін атап өтті.

Ауруханаларға 1400 науқас жатыр, 8590 адам үй карантиніне оқшауланған. Бұл шара - өте тиімді, - деді ол.

Сондай-ақ, ол ауруды анықтауға 6 зертхана жұмылдырылып жатқанын айтты.

КВИ-ді тексерілу үшін 19 мыңнан астам экспресс-тест сыналды. Оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 16 жағдайы расталды, - деп сөзін қорытындылады Бекшин.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: