Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табыстарынан айырылған БЖТ төлеуші-тұлғаларға 42 500 теңге әлеуметтік төлемдер бойынша туындайтын мәселелерге байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережелеріне сәйкес (26.03.2020 жылғы №110 бұйрық) әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар үшін көзделген.
Бұл ретте, Бірыңғай жиынтық төлем жалдамалы қызметкерлерсіз жылына 1 175 АЕК (2,96 млн. теңге) кем мөлшерде табыс (айналым) ала отырып, кәсіпкерлік қызмет шеңберінде басқа жеке тұлғаларға (салық агенттері болып табылмайтын) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуді немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналғанын ескерген жөн.
Мысалдар: бір жолғы жалдамалы еңбек (тұрмыстық техниканы, сантехниканы және т.б. жөндеу), жекелеген жеке қызметтер (репетиторлар, күтушілер, отырғыштар, тапсырысқа тоқу), бағдарламаларды орнату қызметі (НЖ орнату, қарсы вирус және т. б.), өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірілген сүтті, картопты сату, басқа жеке тұлғаларға және т. б.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға беретін стационарлық нүктелер (коммерциялық объектілер - сауда объектілері, базарлар және т.б.) арқылы қызметін жүзеге асыратын адамдар БЖТ төлеушілер бола алмайды.
Бұдан басқа, БЖТ төлеуші - жеке тұлға дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар) ретінде тіркелмеуге тиіс, олар үшін осындай әлеуметтік төлемдерді алудың өзге тәртібі көзделген және БЖТ төлеу талап етілмейді.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде БЖТ төлеушілері болып танылатын және жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсету немесе басқа жеке тұлғаларға (салық агенттері болып табылмайтын) жеке қосалқы шаруашылық өнімін өткізудің мүмкін болмауына байланысты табыстарынан айырылған тұлғалар ТЖ енгізілуіне байланысты табыстарынан айырылған БЖТ төлеуші-жеке тұлғалардың санатына жатады.
Тиісінше, ТЖ кезеңінде БЖТ-ны алғашқы рет төлеген тұлғалар өзін осындай талаптарға сәйкес келетін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде көрсеткен, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кірген және ТЖ кезеңі аяқталғаннан кейін кәсіпкерлік табыс алған кезде осындай мәртебені БЖТ төлеу жолымен растауды жалғастыруға тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кіріс комитетінің
Баспасөз қызметі