Алматы әкімдігі саяжайға баратындардан карантин аяқталғанша сол арада қалуларын сұрады

homeestet.ru
Қайтып келген 27 мың адамды қайта карантинге қою өте қиын - әкімдік.

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин саяжайын жайғауға қала сыртына шыққан алматылықтар шаһарға кері орала алатындығын айтты. Алайда, әкімдік саяжайы барларға карантин аяқталғанша қалаға оралмауын өтінуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл арада бәрі жеңілдетілген. Қайтарда тұрғыннан ешқандай құжаттар сұралмайды (ред.). Ол қала тұрғыны ретінде тесттен өтпей үйіне оралып, одан соң қайтадан саяжайына бара алады.

Дегенмен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қала сыртында 27 мың саяжай орналасқанын атап өтті. Ол қала сыртына баратындардың барлығынан, мүмкін болса, Алматыға карантин аяқталғанша оралмауын өтінді.

"Қайтып келген 27 мың адамды қайта карантинге қою өте қиын, сондықтан мен қала тұрғындарынан жазғы саяжайға баруына рұқсат беріп, қаладан шыққан соң карантин аяқталғанша сол жерде болуын сұраймын. Біз олардың қозғалысын шектеп отырғанымыз жоқ, олар арлы-берлі жүре алады, бірақ біз жазғы саяжайына баратындарға қаладан шыққан соң карантиннің соңына дейін мүмкіндігінше сол жерде бола тұруға тырысуларын сұраймыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты