Келесі маусымда коронавирустан вакцина пайда болуы мүмкін

share.america.gov
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, бүгінде 300-ге жуық вакцина жасалынған, олардың кейбіреуі тестілеудің алғашқы кезеңдерінен өткен.

Келесі эпидемиологиялық маусымның басында бізде коронавирустан сақтайтын вакцина болуы мүмкін, деп мәлімдеді ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазір әлемнің мықты деген ғалымдары вакцина жасауға жаппай жұмылдырылып жатыр. Егер тиімді вакцина пайда болатын болса, біз, әрине инфекцияның таралуының алдын-алуда нақты шара болатындығының кепілі екенін жақсы түсінеміз, - деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, бүгінде 300-ге жуық вакцина жасалынған, олардың кейбіреуі тестілеудің алғашқы кезеңдерінен өткен.

Екінші кезең, яғни клиникалық түрде, еріктілерге сыналып жатыр. Келесі эпидемиологиялық маусымның басында бізде вакцина болады деп сенеміз. Қазақстанда да биотехнологиялық орталықта вакцина жасалуда, отандық өндірісте өз вакцинамыз да болып қалуы мүмкін, - деді бас санитарлық дәрігер.

Оның айтуынша, карантин аяқталғаннан кейін де азаматтар инфекцияны жұқтырудың алдын алу шараларын қолдануды жалғастыруы керек.

Карантин аяқталғаннан кейін де біз аурудың алдын алу шараларын орындауымыз керек. Әлеуметтік қашықтықты сақтап, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болып, антисептиктерді қолдануды ұмытпаған жөн, - деп сөзін түйіндеді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды