"Қара тізімдегілер" несие тарихын түзете алады

Ұлттық банк бұл жолы жұртқа жаны ашыды ма әлде басқа факторлар әсе етті ме кім білсін.

Қазақстандықтар несие тарихын түзете алады. Халық арасында "Қара тізім" аталып кеткен кестеден аты-жөнің өшуі үшін бірнеше шарттарды орындасаң жеткілікті екен. Ұлттық банк пен қаржы нарығын зерттеушілер мұндай қадамға баруына не түрткі?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Қара тізім" дегенде әлбетте бірден банк еске түседі. Уақытылы несиесін жаппағандардың жанына бататыны да осы. Несие тарихының бүлінуі.

Экономист Меруерт Махмұтова бұл ұғымның аясы кең дейді.

Меруерт Махмұтова, экономист:

"Бюджетке қарыз болсын, коммуналдық төлемге қарыз болсын, жеке азаматқа, банкке қарыз болсынегер ол соттың шешімімен борышкер ретінде құнтталып, борышкерлер тізіміне кіріп жатса,қара тізім деп соны айтар едім".


Ұлттық банк бұл жолы жұртқа жаны ашыды ма әлде басқа факторлар әсе етті ме кім білсін. Қаулы таратты. Енді кредиттік бюро қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредитке "қалыпқа келтірілді" деген мәртебе бере алады. Бұл қандай жағдайда жүзеге асады?

ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 22 НАУРЫЗДАҒЫ № 19 ҚАУЛЫСЫНА СӘЙКЕС:

Қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредитіңізді қайтарсаңыз, 12 ай өткенде кредит тарихыңыз тазаланады. Кредит бойынша қарызыңызды қайта құрылымдап немесе қайта қаржыландыру кезінде бар қарызыңыздың 50%-дан астамын төлесеңіз.

Кредитті қайта құрылымдағаннан немесе қайта қаржыландырғаннан кейін 12 ай бойы айлық төлемді төлем мерзімінен 30 күннен кешіктірмесеңіз. 90 күннен асқан берешекті өтегеннен кейін бір жыл ішінде кредит бойынша төлемдерін 30 күннен астам мерзімге кешіктірмесе.

Кредиттік бюро кредиттік есепте мерзімі кешіктірілген күндер саны нөлге тең деп көрсетеді. Яғни, кредиттік тарихыңыз жақсарады.

Күрмеуі қиын көп сөздің қысқаша анықтамасы былай. Мойныңдағы жиналып қалған қарызды қашпай төле, сосын несие тарихың жақсарады. Қаржы секторына жауапты органдардың осындай реттеу жұмыстарын жасап отырады.

Меруерт Махмұтова, экономист:

"Негізі дұрыс деп санаймын. Егер ол бұрынғы қаржысын төлей алмай жатса, жаңа қаржы алса төлей алатын мүмкіндігі бар ма сол жағынан бақылау жүргізіледі. Ұлттық банк қаржы жүйесінде уақытылы төлемдер жасалып отырсын, банктер тұрақты болсын дегендей сондай зерттеу жүргізіп жатады. Сондықтан борышкерлер тізімін бақылап отыратындай мүмкіншілік бар".


"Қара тізімнен" шығуды жеңілдетуінің астарында не жатыр? Банк секторы расымен халыққа жаны ашыды ма? Ұлттық банктің тағы бір статистикасын келтірейін. Еліміздегі мерзімі 90 күннен асатын берешектердің сомасы 1 триллион теңгеден асқан. Долларға шақсақ 2,5 миллирд. Бұл қаржы институттары үшін жақсы көрсеткіш емес.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: