Әшімбаев: Тоқаевтың реформалары ескі әлемдік тәртіп күйреп жатқан жағдайда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Маулен Ашимбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 15:35 Фото: parlam.kz
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың "Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер" атты жаңа мақаласында халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі трансформацияға терең талдау жасалған.

Қазіргі әлем бұрынғы әлемдік тәртіптің жүйелі дағдарысын бастан кешіріп, күштер теңгерімінің жаңа архитектурасының қалыптасу кезеңіне қадам басқаны атап өтіледі.

Автордың айтуынша, жаһандық реттеудің бұрынғы тетіктері тиімділігін жоғалтуда. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге тиіс халықаралық институттар өршіп тұрған сын-қатерлер мен қақтығыстарға төтеп бере алмай отыр.

"Халықаралық бюрократия бірде-бір қақтығыстың алдын ала алмады, тараптарды одан әрі қарсыласуға итермелейтін дәрменсіз декларациялармен ғана шектелді", – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Мақалада атап көрсетілгендей, қазір жаһандық күштер теңгерімі қайта бөлініп, халықаралық қатынастардың жаңа парадигмасы қалыптасуда. Бұл жерде әңгіме бұрынғы үстемдік моделінен түрлі күш орталықтарының өзара іс-қимылы мен бәсекелестігіне негізделген күрделірек жүйеге көшу туралы болып отыр.

Бұл трансформацияда геосаяси теңгерімнің жаңа конфигурациясы қалыптасып жатқан Еуразия құрлығы ерекше маңызға ие болуда. Мұндай жағдайда дербес және прагматикалық сыртқы саясат жүргізе алатын мемлекеттердің рөлі арта түспек.

Мақалада Қазақстанның геосаяси өсуі үшін қажетті алғышарттар – табиғи ресурстар, мықты адам капиталы және стратегиялық географиялық орналасуы әрдайым болғаны ерекше атап өтіледі. Алайда, ондаған жылдар бойы бұл факторлар "синергетикалық әсерсіз өз бетінше жұмыс істеп келді".

Автордың пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған ресурстарды біртұтас даму стратегиясына біріктіруге мүмкіндік берген жүйелі шешімдері бетбұрысты кезең болды.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді өңірдегі көшбасшы әрі маңызды тізбек ретінде мультиплекстік әлемнің жүйесіне кіріктіру жолында жасаған жүйелі қадамдары нағыз жетіспей тұрған элемент немесе синергияны іске қосқан кілт болды", – деп атап өтті Сенат төрағасы.

Осылайша, автор әлемдік тәртіптің трансформациясы жағдайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары Қазақстанға жаңа шынайылыққа бейімделіп қана қоймай, Еуразия құрлығындағы жаңа күштер теңгерімін қалыптастырудың белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік береді деген қорытынды жасайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: