Тоқаев ЕАЭО-ның кедендік транзиті туралы заңға қол қойды

Заң, Тоқаев, ЕАЭО, кедендік транзит, қол қою, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2026 19:32 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған құжат нормалары Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аумағы арқылы тауарларды транзиттік тасымалдау кезіндегі кедендік операцияларға қатысты құқықтық қатынастарды реттейді.

Сондай-ақ 2026 жылы 10 маусымда Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Ал бұл құжат Қазақстан мен Оман арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және қосарланған салық салуды жою арқылы инвестиция тартуға бағытталған. Заң тараптардың салық заңнамаларын біріздендіру арқылы инвестициялық тартымдылықты одан әрі арттыруды көздейді. Осы мақсатпен келісім арқылы салық салуға жататын табыстың түрлері және салықтық ақпаратпен алмасу тетіктері айқындалып отыр. Жалпы, бұл заңға Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыра түседі деп сенім білдіріледі.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: