Тоқаев қызмет бабында көз жұмған қос полиция қызметкеріне мемлекеттік награда тағайындады

zakon.kz
Президент марқұмдарды қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградамен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы блоек-бекетте қайтыс болған полиция қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы жарлық Ақордада жарияланды.

"Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын" делінген қос Жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жол апаты 25 мамырда таңертең № 4 блок-бекетте болған. БМВ-дің мас жүргізушісі алдымен темір қоршауға соқтығысып, содан кейін ұшып, полиция көлігін соққан. Онда екі полиция қызметкері отырған. 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Абдықанов ауруханада есін жимастан көз жұмды. Үшінші полиция қызметкерінің есімі - Ербұлан Сейдәзім. Полиция аға лейтенанты қазір №7 қалалық клиникалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиға болған кезде ол планшетпен жол бойында бекеттен өтуші көліктерді базадан тексеріп тұрған. Ал екі полиция қызметкерінің қаза табуына себепкер мас жүргізуші А. бұрын органда жұмыс істеген, бірақ өз міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты