Блок-бекеттегі ойран: Мас жүргізуші бұрын органда жұмыс істеген

26 Мамыр 2020, 09:43
Сурет: zakon.kz

Алматыдағы блок-бекетте ойран салған мас жүргізуші бұған дейін құқық қорғау саласында қызмет еткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Күні кеше Алматыдағы блок-бекетте екі полиция қызметкерінің қаза табуына себепкер мас жүргізуші А. бұрын органда жұмыс істеген, бірақ өз міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін жұмыстан шығарылған.

"Блок-бекетте болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ қайғылы оқиғаға себепкер болған жүргізушінің бұрын погон таққан адам болуы одан сайын жанымызды ауыртып отыр. Алты жыл полицияда жұмыс істеген ол қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға тартылған. Ақыры оның ішкі істер органдарынан кетуіне осынысы себеп болды. Бірақ, өкінішке қарай, одан кейін де ол бұдан сабақ алып, ешқандай қорытынды жасамаған. Заңды белден басып, ақыры ауыр зардапқа әкеліп соғатын біле тұра, мас күйінде рульге отырып, қылмыс жасады", - деді Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденов.

Алматы полициясының бастығы азамат А.-ға қатысты екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, яғни "Адам өлтіру" (15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Қазір ол қамауда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?