Алматы қалалық жедел жәрдем қызметкерінің жан айғайы: Мен шындықты айтамын...

pavlodarnews.kz
Мен жалғызбасты анамын, 4 балам бар.

Алматы қаласының жедел жәрдем қызметкері Эльвира Камалова жұмысындағы қиын жағдай туралы айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

2 маусымда Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған қатысты Камалова Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады:

Құрметті халайық, қазір мен ауруханадамын, осы арадан жаным ауыра отырып, өзімнің ішкі толғанысыммен бөлісіп отырмын. Мұнда шамамен 1,5 мың адам жатыр! Мен бір ақталайын деп жатқаным жоқ, барлық мәліметті бұқаралық ақпарат құралдары беріп жатыр, ол менің әр сөзімді растай алады, яғни бұл цифр аспаннан алынған жоқ!!!

Бір көлік жүргізуші 2 қосалқы станцияда қайтыс болды ... Оның отбасына көңіл айтамын, оның әлі кішкентай балалары бар еді, біреуі жарымжан жан!

Менің қасымда екі баласымен бір медбике жатыр, оның да бір баласы туғанынан мүгедек, церебралды сал ауруымен ауырады. Ең бірінші болып шындықты өздеріңізге жеткізіп жатырмын, өйткені мен отбасымда жалғыз асыраушы адаммын.

Мен жалғызбасты анамын, 4 балам бар. Шағымданбаймын, көп нәрсе сұрамаймын, Аллаға шүкір, отбасымды асырау үшін ақша табатын жұмысым бар. Мен өзіме Заң бойынша тиесіліні сұраймын, әрине егер біздің үлкен елімізде ондай нәрсе бар болса.

Алматының жедел жәрдеміндегі медициналық қызметкерлердің көбісі ауырып жатыр. Барлық ақпарат жақын арада ресми расталады деп сенемін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады