38 градус. Қызылорда, БҚО мен Атырау облысында ыстық болады

pxhere.com
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100%.

Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

2020 жылдың 9 маусымында "Қазгидромет" РМК мынадай хабар жеткізді:

10 маусымда Батыс-Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Орал қаласында 10 маусымда найзағай күтіледі.

Күндіз 10-11 маусымда Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. IV класс өрт қауіптілігі сақталады.

Атырау қаласында күндіз 10-11 маусымда 36-38 қатты ыстық күтіледі.

10 маусымда Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады.

Қызылорда қаласында 10 маусымда күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі.

10 маусымда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық 38 градус күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті