Ташкент әлемдегі арзан қалалар бестігіне кірді

УзТАГ
Әлемдегі ең қымбат қала - Гонконг.

Халықаралық Mercer консалтинг компаниясының Cost of Living Survey зерттеуі бойынша, Ашғабад әлемдегі ең қымбат екінші қала атанды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап..

9 маусымда жарияланған есепте Өзбекстан астанасы әлемдегі ең арзан бес қаланың бірі екені айтылған. Бұл тізімге Ташкенттен бөлек Карачи, Бішкек, Виндхук (Намибия) және Тунис қалалары кірген.

Әлемдегі ең қымбат қала - Гонконг. Екінші орында Ашғабад тұр. Түркіменстан астанасы Токио, Цюрих, Сингапур және Нью-Йорктен де қымбат деп аталды.

Сауалнама ірі қалалаларда жұмыс істейтін шетел мамандары арасында жүргізілген. Зерттеуде валюта бағамы, тауар мен қызмет құны, инфляция деңгейі және пәтерді жалға алу ақысы ескерілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді