Қазақстан құрамасының экс-хоккейшісі АҚШ-та қала мэрі болып сайланды

grandforksherald
Боченский 5 663 дауыс немесе 49,62% жинады.

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Брэндон Боченский Американың Гранд Форкс қаласының ұзақ жылдар мэрі болған Браунды жұмсақ креслосынан ығыстырып, оның орнын басты, деп хабарлайды zakon.kz.

grandforksherald порталының хабарлауынша, бұрынғы хоккейші және қазіргі бизнесмен Боченский Браунды ғана емес, қалалық иммиграциялық қызметтің қызметкері Робин Дэвидті де сайлауда жеңіп кетті.

5 ай бойы талмай еткен еңбектен кейін, әрине, оның нәтижесі үшін қуануыңыз керек. Менің ойымша, қала өзгеруге дайын болды, біздің де артықшылығымыз осы бір ең үлкен атрибутты енгізуге дайын болдық, қаланы алда үлкен өзгерістер күтіп тұр, әрине жақсы жағына, - деді Боченский хоккей матчы аяқталған кезде түсініктеме беріп жатқандай.

Боченский 5 663 дауыс немесе 49,62% жинады. Браунда 3 360 дауыс немесе 31,81%, ал Дэвидте 1 989 дауыс немесе 17,43% болды.

Боченский Қазақстан құрамасымен үш әлем чемпионатына қатысып әрі капитан болды. Ұлттық құраманың құрамында ол 15 кездесу өткізіп, 12 (5 + 7) ұпай жинады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады