Елімізде ұлттық саябақтарды дамыту бойынша кеңес құрылатын болды

kokzhailyau.kz
Кеңес инвестордың міндеттемелерді орындауын қадағалай алады, ұлттық парктің даму жоспарын талқылауға қатысады және қажет болған жағдайда оның аспектілерінің орындалуына әсер етеді.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халыққа есеп беру кездесуінде Қазақстандағы туризм индустриясының 2030 жылға дейінгі даму перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрлік Қазақстанда экологиялық туризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды мүмкіндіктеріне есеп жүргізді. Сонымен, бұл бағыттағы жеке инвестициялардың көлемі 500 млрд теңгеге барады, туристер саны 12,5 миллионға дейін артады, 20 мыңға дейін қосымша жұмыс орындары құрылады, - деді Мырзағалиев.

Сонымен қатар, ол соңғы күндері әлеуметтік желілерде ұлттық парктерді ұзақ мерзімді пайдалануға беру мәселесіне сыни пікірлер айтылып жатқанын атап өтті.

Тұрғындардың ұлттық саябақтарымыздың тағдырына немқұрайлы қарамайтындығы қуантады! Біздің министрлік ашық диалогқа әрқашан дайын. Менің орынбасарым екінші апта Алматыда болып, эко-белсенділермен кездесулер өткізіп, барлық қолжетімді мәселелерді талқылады. Біз де табиғат аясындағы құрылыстарға қарсымыз. Менің бастамам бойынша барлық туындаған мәселелерді жою үшін ұлттық парктерді дамыту жөніндегі кеңес құрылады, оның құрамына осы саланың мамандары, министрлік, қоғам өкілдері, эко-белсенділер кіреді, - деді министр.

Оның айтуынша, Кеңес инвестордың міндеттемелерді орындауын қадағалай алады, ұлттық парктің даму жоспарын талқылауға қатысады және қажет болған жағдайда оның аспектілерінің орындалуына әсер етеді.

Қоғаммен және тұрғындармен бірге біз ұлттық парктерде экологиялық туризмді қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп дамыту туралы келісімге келетінімізге сенімдімін, - деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды