Коронавирустан қайтыс болған павлодарлық әйел ауруханаға жатудан бас тартқан

24.kz
Науқастан алынған алғашқы талдау нәтижесі теріс болып шыққан.

Павлодар тұрғыны коронавирустан қайтыс болды. COVID-19 диагнозы науқастан бірден анықталмаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар онлайнның хабарлауынша, 5 маусымда 1961 жылғы әйел дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, басы ауырып, жүрегі айнып, құсқандықтан емханаға дәрігерге қаралған. Оған ауруханаға жату ұсынылды, бірақ ол одан бас тартты. Сол күні науқастан COVID-19 талдауы алынды, нәтижесі теріс болды. 8 маусымда ыстығы түспеген, әрең тыныстаған әйелді жедел жәрдем бригадасы уақытша ауруханасына жеткізді. Қабылдау сәтінен бастап науқастың жағдайы нашарлай берді, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

11 маусымда зертханаға жіберілген екінші талдау оң нәтиже көрсетті.

Денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, науқасты емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған хаттамаларға сәйкес жүргізілді. Әйелдің жағдайы біртіндеп нашарлай берген.

Көрсетілген медициналық шараларға қарамастан, ол 11 маусымда сағат 15.58-де қайтыс болды. КВИ тесті оң нәтиже берген науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, бұл оқиға коронавирус инфекциясы бойынша өлім-жітім ретінде тіркелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты