Жол жөндеу жұмыстарының құнын 12,5 миллиард теңгеге асыра бағалаған

kolesa.kz
Сметалық құжатқа сараптама жүргізілді.

Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстарының құны 12 миллиард теңгеге асыра бағаланған, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша, бұл бағытта 800-ден астам заң бұзушылық анықталған. Республика бойынша автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 410 тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, 800-ден астам заң бұзушылықтар анықталды. "ҚазАвтоЖол" АҚ мен әкімдіктерге тиісті ұсыныстар жіберілді, олардың 80% жойылды. Сапаны тексеру кезінде жолдардағы құрылыс-жөндеу жұмыстарына 860 миллион теңгеден астам сомадағы сапасыз материалдарды пайдалануға жол берілмеді, - деді ол.

Сағынов жобалық кеңсенің іске қосылған сәтінен бастап жалпы құны 135 млрд теңгені құрайтын жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына бағалау жүргізілгенін, оның нәтижесі бойынша 12,5 млрд теңгеге асыра бағалау фактілері анықталып, бұл заң бұзушылықтардың көзі жойылғанын баса айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды