"Рахат" кәмпит фабрикасының жұмысы уақытша тоқтатылды

Рахат
Фабриканың 1 450 қызметкері тестілеуден өтті.

"Рахат" кондитерлік фабрикасы жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, кәсіпорын қызметкерлері арасында коронавирус анықталған.

Бастапқыда кіре берістегі дене қызуын өлшегіш құралы 8 адам анықтап, олар жұмысқа жіберілмеген. Осыған байланысты фабрикадағы 1 450 қызметкер тестілеуден өтті. Олардың көбісі симптомы жоқ коронавирус инфекциясын тасымалдаушылар екені анықталады. Осыған байланысты қызметкерлер ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жарлығының талаптарына сәйкес, олардың барлығы үй карантиніне жіберілді. Зауыт әкімшілігі жұмысын 15 маусымға дейін тоқтатты, делінген хабарламада.

Қаланың бас мемлекеттік дәрігері Жандарбаек Бекшин қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырды, бұл - қызметкерлер мен тұтынушылардың дене қызуын тексеру, әлеуметтік қашықтық пен маска режимінің сақтау, жеке қорғаныс құралдарының (маскалар, қолғаптар) уақтылы ауыстыру, зарарсыздандыру заттарының болуы, жұмыс орнын немесе үй-жайды уақтылы желдетіп отыру.

Мен қызметкерлер мен тұтынушылардың эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы шаралардың қатаң сақталуын талап етемін, - деді Бекшин кәсіпкерлерге қарата айтқан сөзінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды