Нұр-Сұлтанда 9 балалы ана 4 жыл бойына сыз гаражда тұрып келеді

4 жылдан бері гаражды 60 мың теңгеге жалдап тұратың 9 баланың ананың көмек сұрап бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған, алайда ешқайсысынан нәтиже жоқ.

Елордада көп балалы ана 4 жылдан бері кәдімгі гаражда тұрып келеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

9 бала тәрбиелеп отырса да баспана кезегіне тұра алмай жүр.Тәжігүл Иркинчаева – 9 баланың анасы. 2016 жылдан бергі тұрағы осы. Асты бетон, айналасы темір. Баспана кезегіне тұрайын десе, кедергі көп.

Иркинчаева Тәжігүл, көп балалы ана:

– Көмек сұрап бардым. Макиндегі үйі шықты. Оған 5 жыл болу керек, 5 жылдан кейін сіз кезекке тұра аласыз дейді. 2 рет құжат тапсырып едім, болмады. Ең болмаса жеңілдікпен маған үй қарастырсаңыз деп тілеймін. Макингідегі үй қайын апамның үйі. Ол баласына аударып алды.

Көп балалы ананың айтуынша, жеке баспанасы жоқ. Сондықтан 4 жылдан бері гаражды 60 мың теңгеге жалдап тұрады. Көмек сұрап бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған, алайда нәтиже жоқ дейді өзі.

Иркинчаева Тәжігүл, көп балалы ана:

– Әкімдікке де бардым, Nur Otan-ға да бардым. Ешқандай көмек болмады. Мені 9 баламен ешқандай жер алмады. Осы жерді ғана таптым.

Ол мына аядай гараждың дымқылын кетіру үшін жаз бойы пеш жағады. Ал қыста бұл маңды қалың қар басады. Сөйтіп аттап басу мұң. Жауын жауса, төбеден су сорғалайтыны тағы бар. Алтын алқа иегері, 9 баланың анасы Тәжігүлдің арманы аядай болса да бір баспана. Балаларым жарық әрі жылы үйде өмір сүрсе деп тілейді. Оныншы сәбиін күтіп отырған ана әлі де үмітін үзбейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: