Тоқаев: Медицина саласының қызметкерлері ерекше құрметке ие

Ақорда
Білемін, кейде жағдайға бейімделе отырып, күштеріңізді сынауға мәжбүрсіздер. Пандемияның қайталануы, оның етек жаю қаупі жағдайында қорғаныс костюмдерінің, дәрі-дәрмектердің, аурухана төсектерінің жеткіліксізідігі және басқа да қиындықтардың туындауы ықтимал. Біз бұл мәселелерді жақын арада шешеміз - Президент.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз Біргеміз" онлайн-форумында коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған барлық маманға алғысын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Құрметті қазақстандықтар, ынтымақтастық, табандылық, жанашырлық - бұл халқымыздың дәстүрлі құндылықтары. Дәл осы қасиеттер Отанымыздың тарихындағы ең қиын сынақтардан өтуге халқымызға көмектесті. Жалпы кез келген қиын жағдайда біздің бірлігіміз нығая түседі. "Біз біргеміз" - бұл біздің қоғамымыздың жаңа ұраны. Күн сайын біз медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері, қарулы күштер қызметкерлері, волонтерлар, сондай-ақ қайырымдылық жасаушылар сияқты бүкіл ел бойынша көмекке ұмтылған жндардың ерлігінің куәсі боламыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, дәрігер, медбике, мейірбике, жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері сынды медицина қызметкерлері, әсіресе ерекше қолпаштауға ие.

- Сіздер әр күн сайын елімізге өз мықтылықтарыңызды, табандылық пен батылдықтарыңызды паш етіп жатырсыздар. Бұл - нағыз патриотизмнің көрінісі. Білемін, кейде жағдайға бейімделе отырып, күштеріңізді сынауға мәжбүрсіздер. Пандемияның қайталануы, оның етек жаю қаупі жағдайында қорғаныс костюмдерінің, дәрі-дәрмектердің, аурухана төсектерінің жеткіліксізідігі және басқа да қиындықтардың туындауы ықтимал. Біз бұл мәселелерді жақын арада шешеміз. Бұл жағдайды дереу түзетуге үкімет алдында нақты міндеттер қойылған, - деді Президент.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді