Тоқаев Жеңіс парадына қатысқаны туралы айтты

Twitter
Салтанатты іс-шара бүгін - 24 маусымда Мәскеуде өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқаны туралы желіде жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ресей Президенті В.Путиннің шақыруымен Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатыстым. Қызыл алаңнан жүріп өткен әскери топтардың арасында Қазақстан Қарулы күштерінің десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің қызметшілері де болды", деп жазды Президент Twitter-де.

"Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған жауынгерлерге құрмет ретінде Кремльдің іргесіндегі "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойдым. Олардың ерліктері біздің есімізде мәңгі сақталады" деп қосты тағы да Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда