Түркіменбашы "шындықты айтатын" ұлттық мессенджер құруды тапсырды

tdh.gov.tm
Түркіменстан әлемдегі ең жабық мемлекеттердің бірі болып саналады.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сәрсенбіде өткен үкімет отырысы кезінде "елге шынайы ақпарат жеткізу мақсатында интернетте ақпарат таратудың ұлттық заманауи жүйесін құруды" ұсынды.

Ол сонымен бірге елдегі ақпарат құралдарына әлеуметтік желі арқылы арнайы парақша ашып, әлемді елдегі жетістіктерден хабардар етіп тұруды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Түркіменстан әлемдегі ең жабық мемлекеттердің бірі болып саналады.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының сөз еркіндігі бойынша көрсеткішінде ең соңында, Солтүстік Кореяның алдында тұрады.

Осы жылдың басында түркімен президенті мемлекеттік компанияларға ресми сайт ашуды тапсырған. Оның алдында мемлекеттік ақпарат құралдары Ахал елдімекенінің басшысы болып тұрған ұлы Сердар Бердімұхамедов аймақта бірінші болып құжаттарды электрондық жүйеге өткізгенін жазған.

Түркімен билігі елде коронавирус бар екенін әлі күнге дейін растаған емес. Бірақ билік індетке қарсы шаралар қолданып жатыр. Бұл өлкеде вирустың қаншалықты жайылып жатқаны жөнінде шынайы ақпарат алу мүмкін емес. Елде "коронавирус" деген сөзді айтуға, қолдануға тыйым салынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді