Спорт кешені коронавирус науқастар жататын орын бола ма - ШҚО әкімдігі түсінік берді

видеодан алынды
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Өскемендегі Ольга Рыспакова атындағы жеңіл атлектикалық орталықты COVID-19 ауруын жұқтырғандардың ауруханасына айналдырып жатыр" деген мағынада видео тараған болатын.

Облыстық әкімдікте аймақта спорттық нысандарды инфекциялық және провизорлық орын негізінде дайындауға және онда коронавирус жұқтырған науқастарды орналастыруға аса қажеттілік жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Өскемендегі Ольга Рыспакова атындағы жеңіл атлектикалық орталықты COVID-19 ауруын жұқтырғандардың ауруханасына айналдырып жатыр" деген мағынада видео тараған болатын. Бұған қатысты әкімдік түсініктеме беріп, оны жоққа шығарды.

- Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Бұл видео ШҚО аумағында түсірілмегенін және өңірдің спорт кешендеріне еш қатысы жоқтығын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта облыста коронавирус жұқтырған науқастарды орналастыруға арналған инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орындар жеткілікті, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды