АҚШ Конгресіне Путин мен оның жақындарына санкция салатын заң жобасы түсті

EPA
Заң жобасын сенатор-демократ Роберт Менендес әзірлеген.

Сәрсенбіде АҚШ Сенатына Ауғанстандағы америкалық жауынгерлерді өлтіру үшін сыйақы төлеп беруге Ресейдің қатысы бар екені анықталса, санкция салу жөніндегі заң жобасы түсті, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Санкция салынатын адамдардың тізімінде Ресей президенті Владимир Путин де бар.

Заң жобасын сенатор-демократ Роберт Менендес әзірлеген. Құжатқа сәйкес, Ауғанстандағы әскерлерге шабуыл жасауға Ресейдің қатысы бар екені анықталса, Трамп Ресей президенті Путинге, қорғаныс министрі Шойгуға және бұл іске қатысы бар басқа шенеуніктерге санкция салынуы керек. Заң жобасында шабуылға қатысы бар адамдардың және ұйымдардың америкалық активтерін бұғаттау, олады Құрама Штаттарға кіруге тыйым салу да қарастырылған.

Бұдан бөлек қосымша санкциялар Владимир Путинге жақын олигархтарға, ресейлік саяси шешеуніктерге және олардың отбасы мүшелеріне де салынуы мүмкін.

Сәрсенбіде Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси MSNBC телекомпаниясына берген сұқбатында Ресейге тоқтаусыз түрде санкция салуға шақырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді