Мақтаншақ әйелі үшін абыройы төгілген Айбатыр Жұмағұлов ақтала бастады

Қордың басқарма төрағасы өзін қоғам алдында ашық, адал адам ретінде көрсеткісі келеді екен.

Әлеуметтік желілерде байлығы мен мақтаншақ әйелі үшін халықтың сынына оңбай ұшырап қалған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов блогерлермен онлайн кездесу өткізді. Оның кездескен блогерлері – Нурлан Утешев, Аяз Би, Думан Қапасов, Самат Искаков және Альбина Атен дегендер, деп хабарлайды zakon.kz.

Айбатыр Жұмағұлов өз үйіндегі автокөліктер туралы айтты.

Ол әлгі оқиғаның 13 жыл бұрын, 2007 жылы болғанын айтты, ол кезде Айбатыр Жұмағұлов мемлекеттік қызметте болмаған екен. Ал даулы постты оның сөзінше, әйелі төрт жыл бұрын жазған.

- Біреулер төрт жыл бұрынғы постты архивтерден шығарып, кеше ғана болғандай етіп әлеуметтік желілерге таратып жіберді. Оны көріп ашуланған адамдарды түсінемін, ондай жаңалық маған да ұнамас еді. Адамшылыққа жатпайтын әрекет бұл енді. Біздің үйімізде бір көлік қана бар, - деді Айбатыр Жұмағұлов.

Айбатыр Жұмағұловтың әйелімен отасқанына 25 жыл болыпты. Әйелінде бірден 13 автокөлік болмаған, бұлар көлікті бірінен соң бірін ауыстырып қана отырған, сонда отбасында үнемі бір ғана автокөлік болған. Көлік болғасын ескіреді, жаңасы шығып жатады, ауыстырып тұру керек, қысқасы.

Қордың басқарма төрағасы өзін қоғам алдында ашық, адал адам ретінде көрсеткісі келеді екен.

Айбатыр Жұмағұлов халық шағымданатын Қордың жұмысы туралы да айтты. Шағымдар 1406 call-орталық арқылы қабылданады және Qoldau 24/7 деген мобильді қосымша бар екен.

- Кейде күніне 30 мыңға жуық қоңырау түсетін. Бірақ бізде call back, кері қоңырау шалу деген бар. Qoldau 24/7 деген мобильді қосымша бар – медициналық қызметке қатысты шағымдарды сонда жазуға болады. Оны бас дәрігер мен денсаулық басқармасы қарайды. Шағым орынды болса, ол мәселені біз штабтарда көтеріп, жүйелі мәселелерді талқылаймыз, - деп атап өтті Айбатыр Жұмағұлов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: